Тас, ағашпен ұрып полицияның жағын сындырған: Шартты жаза бас бостандығынан айыруға өзгертілді

Тас, ағашпен ұрып полицияның жағын сындырған: Шартты жаза бас бостандығынан айыруға өзгертілді
Фото: freepik.com

Бас прокуратура Атырау облысында полиция қызметкеріне шабуыл жасағандарға берілген жаза қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейді деп тауып, кассациялық наразылық енгізді, Сол бойынша шешім қайта қаралып, айыпталушылар бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратура баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысында бір топ азамат қоғамдық орында ішімдік ішіп, жанжал шығарған. Олар оқиға орнына келген полиция қызметкерінің заңды талаптарына бағынбай ағаш, таспен ұрып, көзіне зақым келтіріп, жағын сындырған.

«Сот қылмыскерлерге бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады. Бас прокуратура бұл жазаны жасалған қылмыстың ауырлығына сәйкес келмейді деп тауып, енгізілген кассациялық наразылық бойынша шешім қайта қаралып, сотталғандардың жазасы нақты бас бостандығынан айыруға өзгертілді», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Алматыда 14 қылмыс мәліметін тіркеуден жасырған полицияның бұрынғы тергеушісі сотталды.