Тараздағы лицей лицензиясыз бала оқытқан
Тараз қаласында лицензиясыз бала оқытқан лицейге айыппұл салынды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жамбыл облыстық сотына сілтеме жасап.
Лицензиясыз қызметпен айналысу фактісі бойынша дарынды балаларға арналған лицейге қатысты істі Тараз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты қарады.
Сот білім беру ұйымының Тараздағы шағын ауданның бірінде орналасқан жаңа ғимаратқа көшкенін, алайда жаңа мекенжай бойынша білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия немесе лицензияға қосымша алмағанын анықтады. Осыған қарамастан, ғимаратта 2025 жылдың қараша айынан бастап оқу процесі басталған. 7-11 сыныптар арасындағы 318 оқушыға (барлығы 16 сынып) сабақ берілген.
Лицей директоры хаттамада көрсетілген мән-жайды растап, кінәсін мойындады. Сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 463-бабы 1-бөлігі бойынша лицейге 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Қаулы заңды күшіне енді.
Еске сала кетсек, Алматыда Үндістан азаматтары өз жерлестерін кепілге алған.