Таеквондодан әлем чемпионы атанған Айым Серікбаева елордаға оралды

Таеквондодан әлем чемпионы атанған Айым Серікбаева елордаға оралды
Фото: Қанат Байұзақов

Бүгін Астана қаласында таеквондодан Ташкентте өткен жастар арасындағы жаһандық додада 44 келіде топ жарған және жарыстың «ең үздік спортшысы» атанған Айым Серікбаеваны салтанатты түрде күтіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.

«Әлем чемпионатына ұзақ уақыт бойы дайындалдым. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Жартылай финал және финалдық жекпе-жектер өте тартысты өтті. Бапкерлерімнің кеңесіне үлкен рақмет! 2025 жылы жасөспірімдер арасында Азия чемпионы атанып едім. Биыл жастар арасында топ жарып жатырмын. Әлі тоқтамаймын. Бұйырса, күзде Сенегал еліндегі жасөспірімдер жазғы Олимпиадасына қатысуды көздеп отырмын», - деді Айым Серікбаева.

Бұған дейін жастар арасында әлем чемпионатының алтын жүлдесі 2006 жылы бұйырған еді.

«Әлем чемпионатында 5 жүлдеден бөлек, 5 спортшымыз ширек финалда сүрініп, жүлдеге бір қадам жетпей қалды. Соның өзінде көрсеткіштерімізді жақсы деп санаймыз. Ал Айымға келетін болсақ, оның басты ерекшелігі – әлем чемпионатының алдындағы 3 оқу-жатттығу жиынында да барлық жаттығуға бейімделіп, тез қалпына келе алатындығы. Енді 2026 жылы жасөспірімдер арасындағы жазғы Олимпиаданы күтеміз. Қазіргі сәтте квота мәселесі әлі толыққанды шешілген жоқ», - деп жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Айтжан Алдабеков жарысты қорытындылады.

Айта кетейік, 119 мемлекет қатысқан әлемдік бәсекеде жерлестеріміз 1 алтын, 4 қола еншілеп, жалпы есепте ТОП-10-ға кірді.