05.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Таеквондодан әлем чемпионатында ел қоржыны тағы бір медальмен толықты

|
Photo: Фото: Olympic.kz
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Таеквондодан әлем чемпионатында ел қоржыны тағы бір медальмен толықты

|
Photo: Фото: Olympic.kz

Оңтүстік Кореядағы Чунчхон қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Қазақстан қоржынына тағы бір жүлде түсті, деп хабарлады Elordainfo.kz оlimpic.kz-ке сілтеме жасап.

Жүлдені Нұрали Махмут иеленді. Ол 55 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдені жеңіп алды. 

Финал жекпе-жегінде Махмут ирандық Сина Мохтарамиден жеңілді, тиісінше Мохтарами алтын алды. 

Үшінші орынды ресейлік Азат Бесаев пен Қытайдан келген Хаожань Тан бөлісті. 

Айта кетелік, бұған дейін аталған додада 59 келіге дейінгі салмақта Нұрай Қазнабек те күміс жүлде иегері атанған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗