Азия Пара ойындары: Қазақстан құрамасы үстел теннисінен екі медаль жеңіп алды

Бүгін, 11:23
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Азия Пара ойындары: Қазақстан құрамасы үстел теннисінен екі медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz

Қазақстан құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия Пара ойындарында тағы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК-ке сілтеме жасап.

Пара үстел теннисінен сынға түскен отандастарымыз Ардақ Нұрмағамбетов пен Әли Мақұлбеков жеңіс тұғырына көтерілді.

Ардақ Нұрмағамбетов 1 санаттағы А тобында айналмалы жүйе бойынша төрт кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жетті. Осылайша жарыс қорытындысы бойынша қола алды. 

Сондай-ақ Әли Мақұлбеков 8 санатта сынға түсіп, жартылай финалға дейін жетті. 1/2 финалда жерлесіміз Чжао Шуайға 3:0 есебімен жол беріп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық парадзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы Азия ойындарында топ жарды.