ШҚО-да полицейлер жоғалып кеткен үш жасар қыз баланы 4 сағатта тапты

ШҚО-да полицейлер жоғалып кеткен үш жасар қыз баланы 4 сағатта тапты
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының мөлтек аудандарының бірінде 3 жасар қыз бала үйден байқатпай шығып кеткен. Үлкендер бар-жоғы бірнеше минуттың ішінде баладан көз жазып қалған, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Басында ата-анасы өз бетінше іздеген. Алайда жарты сағаттан кейін олар полицияға хабар берген.

Полицейлер жұмылдырылып, аулаларды, көше мен шеткері аймақтарды жаппай тексеруге кірісті. Іздеу жұмысы шамамен 4,5 сағатқа созылды. Ақырында кішкентай қызды үйден 4 шақырым жердегі көлдің маңынан жедел уәкіл Медет Жансейітов тауып алды.

Қыздың анасы толқынысын жасыра алмады. Ол полицейлерге шын жүректен алғысын білдірді.

Бұл оқиға — әрбір ата-анаға баласын үнемі назардан шығармау керектігін еске салады. 

Еске сала кетсек, Абай облысында жоғалып кеткен 3 жасар баланы полиция даладан аман-есен тауып алды.