«Айналайын, келе ғой»: Абай облысында жоғалып кеткен 3 жасар бала аман табылды
Бүгін Абай облысының Ақсуат ауданында үйінің ауласынан шығып, жоғалып кеткен 3 жасар баланың үш шақырым қашықтықтан полиция қызметкері тапты, деп хабарлайды Elordainfo.kz. облыстың полиция департаментіне сілтеме жасап.
Таңертеңнен бастап іздеген туыстары ұл баланы таба алмаған соң, шамамен сағат 11:00-де полицияға хабар береді. Осы сәттен бастап өңірдегі барлық күш іздеу жұмысына дереу жұмылдырылады.
«Полицейлер даланы, әрбір метр жерді тексерді, себебі уақыттың әр минуты қымбат екенін түсінді. Бірнеше сағаттан кейін іздеу барысында атпен жүрген полиция қызметкері айдалада кішкентай баланың бейнесін байқайды. Тебіреніп кеткен полицей балаға: «Айналайын, келе ғой…» - деп тіл қатады», делінген хабарламада.
Сағат 14:00 шамасында бала ауылдан шамамен үш шақырым жерден табылды. Қуаныштысы, ол аман-есен, денсаулығына қауіп төнбеген.
Еске салсақ, Түркістан облысында өзенге батып кеткен баланың денесі табылды.