Референдум-2026

Соңғы бес жылда көлік саласының жалпы өнімі 3 есе өсті - Нұрлан Сауранбаев

Бүгін, 12:11
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Соңғы бес жылда көлік саласының жалпы өнімі 3 есе өсті - Нұрлан Сауранбаев
Фото: Үкімет

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында көлік саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары туралы баяндады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ол көлік саласы тұрақты өсімді көрсетіп отырғанын және экономиканың қозғаушы күштерінің бірі екенін атап өтті.

«Соңғы 5 жылда көлік саласының жалпы өнімі 3 есе өсті. Биылғы жылы көрсеткішті 14,3 трлн теңгеге жеткізу жоспарланған», — деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.

Еске салайық, бұдан бұрын елімізде 754 шақырым жаңа теміржол желілерінің құрылысы жүргізіліп жатқаны туралы жаздық.