ШҚО-да қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері ірі көлемде ақша ұрлаған
6 қараша, 2024
фото: Оңалхан Өнерхан
Өскемен қаласының соты облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне қатысты үкімді жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.
«№17 мекеме бастығының бұрынғы орынбасары мен аға инспектор жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы тұрғын үй комиссиясына әдейі жалған мәліметтер беру арқылы 5,8 млн теңге көлеміндегі қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды»,- деп жазылған хабарламада.
Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, сотталғандар әділет майоры мен лейтенанты арнайы атақтарынан айырылды.
Ұқсас жаңалықтар
1 тамыз, 2026
Елімізде «Ауыл құтқарушылары» ерікті өртке қарсы құралымы ашылды
31 шілде, 2026
Тамыз айында қайда баруға болады: елдегі ірі туристік іс-шаралардың тізімі
31 шілде, 2026
Антифрод-орталық екі жылда 117 млрд теңгенің ұрлануына жол бермеді
31 шілде, 2026
Қазақстанда туристік ақпарат орталықтарына бірыңғай қағидалар енгізілді