Шетел азаматтығын алғандар ҚР азаматтығынан шығуы керек

Бүгін, 13:52
Думан Аманжол Думан Аманжол
Шетел азаматтығын алғандар ҚР азаматтығынан шығуы керек
Фото: Абай облысы ПД

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қос азаматтыққа жол берілмейді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Абай облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

Басқа елдің азаматтығын алған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу (бас тарту) қажет. Егер басқа елдің азаматтығын алған жағдайда, азамат ҚР ішкі істер органдарына 30 күнтізбелік күн ішінде хабарлауға міндетті.

Өтініш келесі орындарға тапсырылады:

Тұратын жері бойынша полицияның (көші-қон қызметтің) жергілікті органдарына;

Шетелде болған жағдайда Қазақстан Республикасының шет елдегі өкілдіктеріне.

Қажетті құжаттар

Қазақстан Республикасының азаматтығынан бас тарту туралы өтініш;

Қазақстан Республикасының төлқұжаты;

Басқа елдің азаматтығының бар екендігін растайтын құжат.

Жауапкершілік

Уақытылы хабарламаған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексітің 496-бабы).

Еске салсақ, отандастарымызды Таяу Шығыстан эвакуациялауға қатысқандар марапатқа ие болды.