Семейде қоқыс жәшігінен өлі сәбидің денесі табылды

Семейде қоқыс жәшігінен өлі сәбидің денесі табылды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазір оқыс оқиғаға қатысты істі полиция тергеп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Абай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

3 ақпанда қаладағы М.Әуезов полиция бөлімінің кезекші бөліміне Семейде қоқыс жәшігінен орамалға оралған жаңа туған сәбидің денесі табылғандығы туралы хабар келіп түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы аттандырылады.

Тәртіп сақшылары ең алдымен үйде босанған 20 жастағы бойжеткенді табады. Оның айтуынша, қыз бала өлі туған. Сондай-ақ, сотқа дейінгі тергеу барысында нәрестенің денесін контейнер апарып тастаған қала тұрғыны анықталды.

«Қазір осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сәбидің денесі сараптамаға жіберілді. Соның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданып, оқиғаға қатыса бар екі адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі»,  делінген полицияның хабарламасында.

Еске салсақ, Астанада есірткіге қарсы профилактика күшейтілгенін хабарладық.