Салық есептілігін тапсыру мерзімі 16 ақпанда аяқталады
Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарға есептілікті тапсыру мерзімінің аяқталуына 4 күн қалғанын мәлімдеді. 15 ақпан демалыс күніне сәйкес келуіне байланысты есептілікті тапсырудың соңғы мерзімі 16 ақпанға ауыстырылады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Көрсетілген күнге дейін төмендегі нысандар бойынша есептілік тапсыру міндеті туындайды:
-101.03-нысан — Төлем көзінен резиденттің табысынан ұсталған КТС бойынша есеп (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
-200.00-нысан — Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
-300.00-нысан — Қосылған құн салығы бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
-400.00, 421.00-нысандар — Акциз бойынша декларация және құрылымдық бөлімшелер үшін есеп (2025 жылғы желтоқсан үшін)
-701.01-нысан — Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебі (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
-710.00-нысан — Ойын бизнесі салығы бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
-860.00-нысан — Жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
-870.00-нысан — Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
-880.00-нысан — Цифрлық майнинг үшін төлем бойынша декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
-910.00-нысан — Шағын бизнес субъектілеріне арналған оңайлатылған декларация (2025 жылдың 2-жартыжылдығы үшін)
-913.00-нысан — Бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация (2025 жылдың 4-тоқсаны үшін)
Сонымен қатар, 20 ақпаннан кешіктірмей келесі нысандар ұсынылуы тиіс:
-328.00-нысан — Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш
-851.00-нысан — Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдердің ағымдағы сомаларының есебі
Салықтар мен төлемдерді төлеу мерзімі — 2026 жылғы 25 ақпаннан кешіктірмей.
Толығырақ ақпарат - 1414/3 нөміріне немесе @astana_mkd_dgd_astana Instagram парақшасы бойынша ала аласыз