Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына 7 қазақстандық шығады
Бүгін 7 қазақстандық спортшы үш спорт түрінен жарыс жолына шығады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
11 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының бесінші жарыс күні басталды.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
14:00 – шаңғы қоссайысы, қалыпты тұғыр
Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров.
15:00 – фристайл-могул, екінші іріктеу (әйелдер)
Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова.
17:45 – шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы
Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров.
18:15 – биатлон, жекелей жарыс (әйелдер)
Қатысушылар: Айша Ракишева, Милана Генева.
18:15 – фристайл-могул, финал (әйелдер)
Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова (іріктеуден сәтті өткен жағдайда).
Еске салайық, кеше Қысқы Олимпиадада бүгін бес спорт түрінен ұлттық құрама спортшылары бақ сынайтыны туралы жаздық.