Қазақстандық жеңіл атлет FBK Games турнирінде үздік үштікке енді

Қазақстандық жеңіл атлет FBK Games турнирінде үздік үштікке енді
ҚР ҰОК

Қазақстандық жеңіл атлет Кристина Овчинникова Нидерландының Хенгело қаласында өткен халықаралық FBK Games турнирінде үздік үштікке еніп, қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Биіктікке секіру сайысында бақ сынаған отандасымыз 188 сантиметр нәтижесін көрсетіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады. Ал қазақстандық тағы бір спортшы Елизавета Матвеева 176 сантиметр биіктікті бағындырып, тоғызыншы орынға тұрақтады.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің мәліметінше, жарыс жеңімпазы атанған Украина спортшысы Ярослава Магучих 194 сантиметр көрсеткішке қол жеткізсе, күміс жүлдені 191 сантиметр нәтижемен кубалық Дакси Аделина Брисон иеленді.

Айта кетейік, FBK Games турнирі жеңіл атлетикадағы ең беделді жарыстардың бірі саналады және World Athletics Continental Tour сериясының ең жоғары – «алтын» деңгейіндегі бәсекелер қатарына кіреді.