Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тылды қамтамасыз ету басқармасының қызметкері Арафат Мырзағали Ресей Федерациясының Мәскеу қаласында өткен каратэден Әлем кубогында бірінші орынды жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Халықаралық деңгейдегі жарыс әлемнің 10 мемлекетінен келген ең мықты 500-ге жуық спортшының басын қосты.
«Тартысты жекпе-жек қорытындысы бойынша Арафат Мырзағали жоғары кәсіби және спорттық дайындық деңгейін көрсетіп, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді», - делінген хабарламада.
Чемпион - қазіргі уақытта спорт шеберіне үміткер.
Еске салайық, бұған дейін полицейлер алаяқтарға ақша аудармақ болған зейнеткерді құтқарып қалғаны туралы жаздық.