Бішкекте самбо және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен мықты спортшылар жиналды. Тартысты додада 71 келіге дейінгі салмақта Қазақстанның намысын қорғаған Ниетхан Төлеухан топ жарып, алтын медаль иегері атанды.
29 жастағы қарағандылық спортшы жоғары шеберлігін, жеңіске деген ерік-жігері мен мінезін паш етіп, атақты қарсыластарын артта қалдырды.
Қарағанды облысы полиция департаментінің оқу-жаттығу взводының қызметкері Ниетхан Төлеухан қазақстандық самбо мектебінің биік деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.