Қазақстандық мамандар АҚШ-тың геологиялық қызметінен гидрогеологияның озық тәжірибесін үйренді
Қазақстандық гидрогеологтар Су ресурстары және ирригация министрлігінің Жерасты суы департаменті мен АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) арасындағы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылған оқыту семинарларына қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарты жыл бойы USGS сарапшылары «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызмет пен оның филиалдарындағы мамандарға онлайн семинарлар өткізді.
Қазақстандық мамандар жерасты суын мониторингтеу, бағалау және модельдеудің заманауи тәсілдерімен, су ресурстарын басқару тетіктерімен, сондай-ақ гидрогеология саласындағы озық халықаралық тәжірибелермен танысты.
АҚШ Геологиялық қызметі «Қазгидрогеологияның» ең белсенді 20 маманына сертификат табыстады. Сонымен қатар министрліктің Жерасты суы департаменті мен Стратегиялық даму департаментінің қызметкерлеріне алғыс сертификаты берілді.
«Су ресурстары және ирригация министрлігі АҚШ Геологиялық қызметіне жерасты су ресурстарын зерттеу және басқару саласындағы қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруға көрсеткен қолдауы мен жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді. Біз алдағы уақытта да халықаралық серіктестерімізбен озық тәжірибе алмасу және бірлесіп кадр даярлау бағытындағы ынтымақтастықты жалғастырамыз»,- деді «Қазгидрогеология» ұлттық гидрогеологиялық қызметі» КЕАҚ басқарма төрағасы Болат Бекнияз.
Еске салсақ, Қазақстан мен Германия су ресурстары саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді.