Қазақстандағы ең танымал ақылы автожолдар белгілі болды - ТІЗІМ

Бүгін, 14:37
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстандағы ең танымал ақылы автожолдар белгілі болды - ТІЗІМ
Фото: «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының мәліметінше, елдегі ақылы автожолдар арасында сапар саны бойынша көшбасшы – Алматы – Қонаев бағыты. 2025 жылы бұл учаске арқылы 11,8 миллион сапар жасалған, деп хабарлады Elordainfo.kz.

2025 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің ақылы автомобиль жолдарында 74 млн-ға жуық сапар тіркелді. Қазіргі уақытта ел аумағында жалпы ұзындығы 4 883 шақырымды құрайтын 26 ақылы учаске жұмыс істейді. Аталған желінің құрамында I техникалық санаттағы 12 учаске (2 231 шақырым) және II-III техникалық санаттардағы 14 учаске (2 652 шақырым) бар.

Жол қозғалысының құрылымы көлік ағынының ірі агломерациялар маңына және негізгі транзиттік бағыттарға шоғырланғанын көрсетеді. Ең жоғары жүктемесі бар алғашқы бес учаске барлық сапардың 51 пайызын, ал алғашқы он учаске шамамен 73 пайызын қамтамасыз еткен. Сапарлар саны бойынша ең жоғары көрсеткіш Алматы-Қонаев бағытына (11,8 млн) және Шымкент торабының оңтүстік бағыттарына, соның ішінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына шығатын учаскеге (9,3 млн) тиесілі.

2025 жылғы сапар саны бойынша кему ретімен берілген ақылы учаскелер тізімі:

Ақылы учаскелердің рейтінгі (2025)

1. Алматы-Қонаев - 11,8 млн

2. Шымкент-Өзбекстан шекарасы - 9,3 млн

3. Шымкент-Тараз - 6,5 млн

4. Тараз-Қайнар - 5,4 млн

5. Шымкент-Қызылорда - 4,8 млн

6. Астана-Теміртау - 4,4 млн

7. Қонаев-Талдықорған - 3,9 млн

8. Астана-Щучинск - 3,7 млн

9. Щучинск-Көкшетау - 3,2 млн

10. Астана-Павлодар - 2,5 млн

11. Алматы-Қорғас - 2,5 млн

12. Қостанай-Денисовка - 1,9 млн

13. Тараз қаласының айналма жолы (Қайнар-Шымкент) - 1,9 млн

14. Қызылорда-Арал - 1,8 млн

15. Көкшетау-Петропавл - 1,7 млн

16. Балқаш-Бурылбайтал - 1,4 млн

17. Павлодар-Семей-Қалбатау - 1,3 млн

18. Ақтөбе-Ресей Федерациясының шекарасы (Орынборға) - 1,3 млн

19. Павлодар-Ресей Федерациясының шекарасы (Омбыға) - 856 мың

20. Қостанай-Ресей Федерациясының шекарасы (Троицкке) - 831 мың

21. Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Самараға) - 774 мың

22. Шу-Бұрылбайтал - 707 мың

23. Қандыағаш-Мақат - 583 мың

24. Орал-Ресей Федерациясының шекарасы (Саратовқа) - 570 мың

25. Бейнеу-Ақжігіт (Өзбекстан шекарасы) - 163 мың

26. Үшарал-Достық - 101 мың

Еске салайық, бұған дейін биыл елде 11 мың шақырымнан астам жол салынатыны және жөнделетіні туралы жаздық.