Референдум-2026

ЖИ, туризм және алаяқтыққа қарсы күрес бойынша стандарттар әзірленіп жатыр

ЖИ, туризм және алаяқтыққа қарсы күрес бойынша стандарттар әзірленіп жатыр
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Биыл Стандарттаудың ұлттық жоспарына сәйкес 57 стандартты әзірлеу жоспарланған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Қасымов мәлім етті., деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Бауыржан Қасымовтың айтуынша, электрмобильдерге арналған электрзарядтау станцияларының метрологиялық қамтамасыз етілу стандарты, елдің транзиттік әлеуетін іске асыру үшін рефрижераторлық жүктерді жеткізу стандарты, сондай-ақ, органикалық өнімді сертификаттау және жабайы өсіп өнетін органикалық шикізатты жинау бойынша стандарттар, үй салу комбинаттары үшін стандарттар қабылданды.

«Биыл стандарттарды әзірлеуде алаяқтыққа қарсы іс-қимыл, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, туризм, қызмет көрсету салаларына ерекше эксперимент жасалуда. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған стандарттар енгізілді», - деді ол.

Еске салсақ, мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидалары жаңартылды.