Қазақстанда жасанды интеллект саласындағы мамандандырылған зерттеу университеті құрылады
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда AI-Enabled University ерекше мәртебесі бар мамандандырылған зерттеу ЖОО құрылады. Бұл туралы Үкімет отырысында жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Qazaq AI Research University AI-Enabled University ерекше мәртебесі берілген жасанды интеллект саласындағы мамандандырылған зерттеу университеті. Университет AI+X моделі бойынша жұмыс істейді. Бұл модель әртүрлі кәсіби бағыттар бойынша мамандар даярлауды көздейді. Жасанды интеллект әр мамандық бойынша оқытудың бір бөлігі болады. Студенттер AI технологияларын үйренеді. Оларды нақты кәсіби салада қолдануды да меңгереді», - деді Ростислав Коняшкин.
Университет халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді. Қытай Халық Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері және Финляндияның жетекші университеттері мен зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық орнатылған. Сондай-ақ халықаралық AI-оқыту платформасын құру жоспарланып отыр.