Референдум-2026

Қазақстанда тұрғын үйді реновациялаудың жаңа тетігі іске қосылды

Бүгін, 13:18
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстанда тұрғын үйді реновациялаудың жаңа тетігі іске қосылды
Фото: ОКҚ

Елімізде тұрғын үй қорын реновациялау тетігі жетілдіріліп, апатты және тозығы жеткен үйлерді жаңартуға бағытталған жаңа нарықтық механизм енгізілді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ОКҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Реновация енді тек ескі үйлерді бұзумен шектелмей, инженерлік желілерді жаңарту, қоғамдық кеңістіктерді дамыту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруды қамтитын кешенді урбанистикалық жоба ретінде қарастырылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ӨҚМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Қанат Мыңбаев хабарлады.

Оның мәліметінше, қазіргі таңда 4,2 мыңға жуық тозығы жеткен және апатты көппәтерлі тұрғын үй бар. Оларды толық жаңарту үшін шамамен 3,2 трлн теңге инвестиция қажет. Президенттің сайлауалды бағдарламасы аясында 40 мыңға жуық тұрғын үй иесін жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланған. Осы мақсатта Жер және Құрылыс кодекстеріне, сондай-ақ тұрғын үй қатынастарына қатысты заңдарға өзгерістер енгізіліп, Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторының кепілдігі арқылы жеке инвесторларды тартатын жаңа нарықтық тетік іске қосылды.

«Жаңа тетіктің негізгі артықшылықтары: тұрғындардың құқықтарын Бірыңғай оператордың кепілдігі арқылы қорғау; жеке инвестицияларды тарту және бюджетке түсетін жүктемені азайту; тұрғын үй қорын жаңартып, заманауи әрі жайлы қалалық ортаны қалыптастыру. Реновация бағдарламаларын іске асыруда әкімдіктерге маңызды міндет жүктеледі. Олар реновациялау бағдарламаларына сәйкес реновациялауға жататын нысандардың тізбесін қалыптастыруды қамтамасыз етеді», - деді спикер баспасөз конференциясында.