Қазақстанда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Бүгін, 10:29
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Қазақстанда «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды
Фото: Оңалхан Өнерхан

23-25 қаңтар аралығында республика аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Аталған іс-шараның мақсаты – жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және елдегі заңдылықты нығайту.

Іс-шара аясында полиция қызметкерлері басқа да құзыретті органдармен бірлесіп, еліміздің жолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, құқық бұзушылықтарды анықтайды.

Сондай-ақ халықпен, әсіресе жасөспірімдер мен жастармен түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізеді.

«Жолаушыларды тасымалдау кезіндегі жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жалған немесе мемлекеттік нөмірі жоқ көліктерді басқаратын азаматтарды анықтауға және қауіпті жүргізушілерге басым назар аударылады.

Сонымен қатар жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауын, ауа райының нашарлауы кезінде жолға шығу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауын бақылау қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі елді мекендерде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Бұған дейін Жамбыл облысында он алты күнде 18 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылғанын жаздық.