Қазақстанда отандық тұқымның жаңа сорттарының саны 3 есеге артты
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық селекцияны қолдауды күшейтті. Бұл туралы Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тұқым шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2026 жылы қазақстандық селекцияның 45 жаңа өнімділігі жоғары сорттарын пайдалану ұсынылды, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 3 есе көп.
Сонымен қатар, әртараптандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілуде: отандық тұқым селекциясындағы дәнді дақылдардың үлесі жоғары сұранысқұа ие майлы және жемшөп дақылдарының пайдасына 40%-дан 26%-ға дейін қысқарды.
Айдарбек Сапаровтың мәліметінше, сортты сынау желісін жаңғырту үшін шетелдік сорттардан ақы алу ұсынылып отыр. Бұл қазақстандық тұқымдарды тегін сынауды сақтай отырып, бюджетке жүктеме артпай мемлекеттік учаскелердің базасын жаңартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Қазақстанда тыңайтқыштарды қолдану деңгейінің артуы байқалады.
«2026 жылға тыңайтқыш енгізу жоспары 2,3 млн тонна болып белгіленді. Қазіргі уақытта тыңайтқыш өндірушілері мен жеткізушілер келісімшарт жасау және қоймаларда қор қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. 2024 жылы іске қосылған минералдық тыңайтқыштарды субсидиялаудың аванстық тетігі химия саласының дамуына және отандық тыңайтқыштар өндірісінің көлемін ұлғайтуға оң ықпал етті», - деді Айдарбек Сапаров.
Бұған дейін көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына 700 млрд теңге бағытталатынын жаздық.