Қазақстанда балалар мекемелеріне ерекше санитариялық бақылау енгізіледі

Қазақстанда балалар мекемелеріне ерекше санитариялық бақылау енгізіледі
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

1 ақпаннан бастап Қазақстанда балалар мекемелерінде ерекше бақылау енгізіледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рақымжанова мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оның айтуынша, бақылау мен қадағалаудың ерекше тәртібі аталған нысандарда санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз етуге; себеп-салдарға ден қою емес кемшіліктің алдын алуға көшуге; қоғам мен ата-аналар үшін бақылаудың ашықтығын арттыруға; қызметтің өнім берушіден бастап процеске қатысатын барлық субъектінің жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік берді.

«Ерекше тәртіпті енгізу – бұл балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғауды күшейтуге бағытталған жүйелі шешім және бұл соңғы жылдары санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында шешімін таппай келе жатқан проблемаларды шешуге мүмкіндік береді», - деді спикер.

Еске салсақ, 18-ге толған қазақстандықтар ұлттық қордағы өздеріне тиесілі қаражатты қалай пайдаланғанын хабарладық.