«Ұлттық қор балаларға»: 18-ге толған қазақстандықтар өздеріне тиесілі қаражатты қалай пайдаланды
Қаржы министрлігіне жолдаған «Ұлттық қор балаларға» жобасы жүзеге асырылғалы бері 18-ге толған қанша қазақстандық қордағы өздеріне тиесілі қаражатты пайдаланды, оларға қанша сома төленді?» деген сауалымызға вице-министр Дәурен Темірбеков жауап берді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Өткен 2024-2025 жылдар кезеңінде 600 мыңнан астам адам кәмелетке толды, олардың БЖЗҚ-ға аударған жалпы сомасы 100 млн АҚШ долларынан асты, оның ішінде 241 522 өтінім (2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша) берілді. Жалпы сомасы 31,6 млн АҚШ долларға 205 506 өтінім орындалды», – деді Дәурен Темірбеков.
Вице-министрдің мәліметінше, тұрғын үй жағдайын жақсартуға 140 716 өтінім беріліп, оның 127 446 өтінімі орындалды, 19,7 млн АҚШ доллары төленді. Сонымен қатар білім беру төлеміне 100 806 өтінім беріліп, оның ішінде 78 060 өтінім орындалды, яғни 11,9 млн АҚШ доллары төленді.
Бұған дейін былтыр 207 мыңнан астам адам арнайы мемлекеттік жәрдемақы алғанын жаздық.