Референдум-2026

Қазақстанда 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Бүгін, 15:55
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қазақстанда 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
фото: Оңалхан Өнерхан

І жартыжылдықтың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі шамамен 4,1 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға артты. Оң өсім еліміздің көптеген өңірлерінде байқалды. Ең жоғары өсім Ұлытау, Қызылорда және Павлодар облыстарында тіркелді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап. 

Есепті кезеңде 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 7,9 млн шаршы метрді құраған. Осылайша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 6,7%-ға өсті. Өсім 19 өңірде тіркеліп, ең жоғары көрсеткіштер Жетісу және Алматы облыстарында байқалды.

«Министрлік жаңа өндіріс орындарын іске қосу, локализациялау деңгейін арттыру және өңірлердегі инвестициялық қызметті барынша ынталандыру арқылы өзіне тиісті салаларда тұрақты өсім қарқынын қамтамасыз ету ісін жалғастыра береді», – деп түйіндеді сөзін Ерсайын Нағаспаев.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 15,2%-ға артқаны туралы жаздық.