Референдум-2026

Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 15,2%-ға артты

Бүгін, 10:47
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстанда құрылыс жұмыстарының көлемі 15,2%-ға артты
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша елімізде құрылыс жұмыстарының көлемі шамамен 4,1 трлн теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,2%-ға артты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол жалпы көптеген өңірлерде оң динамика байқалатынын атап өтті. Ең жоғары өсім Ұлытау, Қызылорда және Павлодар облыстарында байқалды.

«Есепті кезеңде 8,5 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде 7,9 млн шаршы метр үй пайдалануға берілген болатын. Нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда көлем 6,7%-ға артты. Өсім 19 өңірде байқалуда. Ең жоғары көрсеткіш Жетісу және Алматы облыстарында», — деді Ерсайын Нағаспаев.

Еске салсақ, Үкімет Астананың коммуналдық инфрақұрылымын жаңғыртуға қаржы бөлді.