Қазақстан Жазушылар одағы жаңа Конституция жобасын қолдады
Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған жиын өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Жиынға еліміздің белгілі қаламгерлері мен зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Мәжілістің депутаттары мен Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.
Қатысушылар реформалардың негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасып, қоғамға, мәдениетке және шығармашылық салаға қатысты көзделген нормаларды, сондай-ақ азаматтық институттардың орны мен жауапкершілігін талқылады.
Кездесудің басты мақсаты – жаңа Конституция жобасына қатысты шығармашылық зиялы қауымның ұстанымын жүйелеп, оны қоғам назарына ұсыну. Пікірталас барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, сөз және шығармашылық еркіндігін нығайту туралы айтылды. Сондай-ақ құқықтық реформалардың ел дамуы үшін стратегиялық маңызы ерекше атап өтілді.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар жаңа Конституция жобасында ұсынылған бағыттар мен реформаларды қолдайтындарын білдірді.
Еске салсақ, теңге конституциялық тұрғыда ұлттық валюта ретінде бекітіледі.