28 тамызда Қытайдың Тайюань қаласында таеквондодан әйелдер арасында ашық әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР ҰОК сілтеме жасап.
Аталған додада ел намысын тоғыз спортшы қорғайды:
46 келіге дейін: Айдана Құмартаева, Жанель Сұлтанғалиева, Тоғжан Өмірзақ;
49 келіге дейін: Нұрай Бауыржанова, Адель Жанділдинова;
57 келіге дейін: Мария Севостьянова;
62 келіге дейін: Айша Әділбекқызы;
67 келіге дейін: Аружан Найманбаева;
73 келіге дейін: Нұрай Хусаинова.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 30 тамызға дейін жалғасады.
Бұған дейін қазақстандық балуандар U20 әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алғанын жаздық.