Қазақстан садақшылары Азия кубогында үш финалға жолдама алды

Бүгін, 08:53
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қазақстан садақшылары Азия кубогында үш финалға жолдама алды
Фото: Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

Бангкок қаласында садақ атудан Азия кубогының алғашқы кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасап.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы командалық жарыстарда үш бірдей финалға жолдама алды.

Атап айтқанда, блокты садақ атудан әйелдер құрамасы — Виктория Лян, Роксана Юнусова және Диана Юнусова алтын жүлде үшін Үндістан командасымен сынға түседі.

Ал классикалық садақ ату бойынша ерлер құрамасы - Ильфат Абдуллин, Дастан Кәрімов, Дәулеткелді Жаңбырбай және әйелдер құрамасы - Диана Тұрсынбек, Самира Жұмағұлова, Александра Землянова да финалда бақ сынайды.

Жекелей сында қазақстандық спортшылар финалға өте алмады.

Айта кетейік, шешуші финалдық бәсекелер 27 наурыз күні өтеді. Ал бүгін аралас командалар арасында жарыс ұйымдастырылады.