Қанат Естек: Мемлекеттік рәміздеріміз – Тәуелсіздігіміздің тұғыры
Астана қаласының мәслихат депутаты Қанат Естек жұртшылықты 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«Мемлекеттік рәміздеріміз – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдігіміздің белгісі. Көк туымыз – бейбіт аспанымыздың символы, Елтаңбамыз – бірлігіміз бен жасампаздығымыздың нышаны, Әнұранымыз рухымызды, бірлікті нығайтып, болашаққа сеніммен қадам басуға жігерлендіреді. Осы айтулы күнде әрбір қазақстандыққа мықты денсаулық, отбасыларына амандық, елімізге тыныштық, береке және болашаққа жарқын үміт тілеймін!
Мемлекеттік рәміздеріміз – мәңгілік мақтанышымыз!», – деп жазды Қанат Естек Facebook парақшасында.
Бұған дейін Көк Ту мен Елтаңбаның қабылдану тарихы, қазіргі қоғамдағы орны және рәміздерді дәріптеудің өзекті мәселелері туралы белгілі рәмізтанушы, мәдениет қайраткері Талғат Мусаевпен сұхбаттасқан болатынбыз.