Қамауда ұстау мерзімін 12 айға дейін ұзарту нормасының Конституцияға сәйкестігі тексеріледі

Бүгін, 13:45
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қамауда ұстау мерзімін 12 айға дейін ұзарту нормасының Конституцияға сәйкестігі тексеріледі
Фото: Конституциялық сот

Конституциялық Сот бұлтартпау шарасын ұзарту туралы Қылмыстық-процестік кодекс нормасының Конституцияға сәйкестігін қарайды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Конституциялық сотқа сілтеме жасап. 

Конституциялық Сот ауыр қылмыстар бойынша қамауда ұстау мерзімін он екі айға дейін ұзартуға сотқа мүмкіндік беретін Қылмыстық-процестік кодекстің 342-бабы үшінші бөлігінің Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қарауға қабылдады.

Өтініш беруші аталған норманың тұжырымдары жеткілікті дәрежеде айқын емес екенін және баптың жекелеген бөліктері арасында қайшылықтар бар екенін көрсетеді.

Конституциялық Сот өтініште келтірілген уәждер мәтіннің ықтимал айқын еместігі туралы болжамдарға негізделгенін атап өтті, ал дауланып отырған норма бұлтартпау шарасын ұзартудың нақты процессуалдық тәртібін белгілейді және Қылмыстық-процестік кодекс нормалары жүйесінде қолданылып, қорғау мүдделері мен процессуалдық қажеттілік арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.

Норманың Конституцияға сәйкестігін тексерудің барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланатын болады.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбелік шартты түрде мерзімінен бұрын босату нормасының Конституцияға сәйкестігін тексеруді талап еткені туралы жаздық.