Донордың қос бүйрегі астаналық екі науқасқа ауыстырылды

Донордың қос бүйрегі астаналық екі науқасқа ауыстырылды
Фото: ДСМ

О дүниелік болған 1959 жылғы науқастың туыстары келісім берген соң донорлық процес шеңберінде оның екі бүйрегі алынып, 1975 жылы және 1994 жылы туған Астана қаласынан күту парағында тұрған екі пациентке трансплантатталды, деп хабарлады Elordainfo.kz ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Донорлық процесті Ақмола облысындағы Трансплантаттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық жүргізді.

Мидың ауыр қан тамырлары ауруы бар 1959 жылғы пациент көпбейінді облыстық ауруханаға жатқызылған соң оған дәрігерлер үлкен бассүйекішілік қан кетумен асқынған мидың қан тамырлары аневризмасының жарылуы диагнозын қойған.

Бірнеше күн бойы медициналық топ қарқынды емдеу мен бақылау жүргізген. Алайда барлық қабылданған шараға қарамастан, пациенттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Дәрігерлер консилиумы мидың өлімін растады.

Түсіндірме әңгіме жүргізілген соң қайтыс болған науқастың туыстары донорлыққа келісім берген. Орталық ұйымдастырған донорлық процесінің шеңберінде оның екі бүйрегі алынып, «ҰҒОО» ЖШС-на жедел жеткізілген. Осылайша, транспланттау арқылы марқұмның қос бүйрегі 1975 жылы және 1994 жылы туған Астана қаласынан күту парағында тұрған екі пациентке ауыстырылды.

«Денсаулық сақтау министрлігі донордың отбасына басқа пациенттерге өмірлік маңызды медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік беретін шешім қабылдағаны үшін ризашылығын білдіреді», – делінген министрліктің хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бұл – 2026 жылдың басынан бергі үшінші донорлық процесс. Қазіргі таңда елімізде 4,5 мыңнан астам адам ағзаларды трансплантаттауды күтіп отыр.

Бұған дейін құны 79 млн теңгеге дейінгі күрделі операциялар барлық қазақстандыққа қолжетімді екенін жаздық.