Қайтарылған активтер есебінен Жітіқарадағы емхана ғимараты жаңғыртылды

Қайтарылған активтер есебінен Жітіқарадағы емхана ғимараты жаңғыртылды
Фото: AMANAT партиясы

Қостанай облысының Жітіқара қаласында қайтарылған активтер есебінен емхана ғимаратын және оның аудандық ауруханаға өтетін өткелін қайта жаңарту жұмысы аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Осы жобаны іске асыруға 972 миллион теңге бағытталды, қаржы Бас прокуратурасы мемлекет бюджетіне қайтарған қаражат есебінен бөлінді.

«Қайта жаңарту нәтижесінде медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасы едәуір жаңартылып, медициналық көмек көрсету жағдайы жақсартылды, сондай-ақ пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін заманауи әрі қауіпсіз жағдай жасалды», делінген хабарламада.

Емхананы іске қосу нысанды аудандық аурухананың балансына беру және оны ресми түрде пайдалануға енгізу бойынша барлық қажетті рәсімдер аяқталғаннан кейін жоспарланып отыр.

Еске сала кетсек, Текелі қаласында қайтарылған активтер есебінен жаңа мектеп салынып жатыр.