Президент саяси партиялар арасындағы бәсеке деңгейіне оң баға берді

Бүгін, 13:53
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Президент саяси партиялар арасындағы бәсеке деңгейіне оң баға берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифингте «Еуразия бірінші» телеарнасының тілшісі Қырмызы Жандостың сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Мен бұл мәселеге оң баға берсем, қателеспеймін. Меніңше, саяси науқан жақсы өтті. Өте ұтымды, мазмұнды теледебаттар болды. Жастарымыз пікірталастарды зор ықыласпен тамашалады. Оған бәріміз де куә болдық. Бұл жаңғыруымыздың жаңа кезеңі әрі қарышты қадам болды деп айта аламын, - деді Президент. 

Еске салайық, бұған дейін Президент Құрылтай депутаты қандай қасиетке ие болуы керек екенін айтты.