Пойыздағы жаппай улану: жан сақтау бөліміндегі науқастардың қазіргі ахуалы қалай

Бүгін, 10:53
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Пойыздағы жаппай улану: жан сақтау бөліміндегі науқастардың қазіргі ахуалы қалай
Фото: freepik.com

Алматыда пойызда  көміртек тотығымен уланып, жан сақтау бөліміне жатқызылған балалардың қазіргі жағдайы белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

 «Желтоқсанның 12-сіндегі жағдайға сәйкес, реанимациядағы екі пациент бейінді бөлімшеге ауыстырылды, барлық бала қазір профильді бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Қалған пациенттер тексеруден өтіп, тиісті көмек көрсетілгеннен кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емдеуге үйге жіберілді. Ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы – дәрігерлердің бақылауында. Олардың барлығы медициналық көмектің қажетті көлемімен қамтамасыз етілген», - деп жазылған Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарламасында.

Бұған дейін Алматыда пойызда 50-ден астам адам уланды: балалар жансақтау бөлімінде екенін жаздық.