Пойыздағы жаппай улану оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды
11 желтоқсан, 2025
Фото: Оңалхан Өнерхан
Алматыда пойыздағы жаппай улану оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Аталған факті бойынша Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 156-бабы (Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша заңға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - деп жазылған Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бұған дейін Алматыда пойызда 50-ден астам адам уланғанын, балалар жансақтау бөлімінде екенін жаздық.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:14
Өрт сөндірушілер 6 баллонды шығарып, жарылыстың алдын алды – ВИДЕО
22 наурыз, 2026
Далада 5 күн жатқан малшыны ТЖМ қызметкерлері құтқарды
20 наурыз, 2026
FlyArystan рейсінде жолаушы дәрігерлер жүкті әйелге көмек көрсетті
20 наурыз, 2026
Елордада тұрақта жанған көлік дер кезінде сөндірілді