07.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Отандық жанкүйерлер самбодан әлем чемпионатын қызу қолдады

|
Photo: Фото: Қанат Байұзақ
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Отандық жанкүйерлер самбодан әлем чемпионатын қызу қолдады

|
Photo: Фото: Қанат Байұзақ

Елорда төрінде екінші мәрте спорттық, жауынгерлік және зағип жандар арасындағы самбодан әлем чемпионаты өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт сарайында жалғасқан 3 күндік бәсекеде жанкүйерлеріміз қызу қолдауларын аямады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 5 күміс, 9 қола жүлде жеңіп алып, жалпы есепте екінші орынға тұрақтады.

«Бүгін біз 19 жылдан кейін Астана қаласында өтіп жатқан Әлем чемпионатында жерлестерімізді қолдау үшін, белсенді жастарымызбен келдік. Дода барысында көк туымызды желбіретіп, соңғы сәтке қиқулатып, қолдауымызды аямадық. Біз де жеңіске деген кішігірім үлесімізді қостық дкп ойлаймыз. Ал ресми жарыстан кейін жастарымызбен бірге «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, сарайды жинап кетеміз»- деді Астана қаласы мәслихатының депутаты Арсланбек Мағзұм.

Жарыстың шешуші күнінде жерлестеріміз 1 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлде жеңіп алды.

1-орын. Нұрила Асанқызы (жауынгерлік самбо, +80 келі)

2-орын. Талғат Жиентаев  (жауынгерлік самбо, +98 келі)

2-орын. Бақытжан Дүйсембеков  (жауынгерлік самбо, 79 келі)

2-орын. Серікбай Неғмет (спорттық самбо, 71 келі)

3-орын. Қымбат Ахмет (жауынгерлік самбо, 50 келі)

3-орын. Асқар Қайыров (зағиптар санаты, 98 келі)

Аталмыш Әлем чемпионатына жаһанның 80 елінен 470 спортшы жиналып, 46 ел жүлдемен қайтты.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗