Өскемен гарнизонында сарбаз өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа өтті

Бүгін, 12:24
Думан Аманжол Думан Аманжол
Өскемен гарнизонында сарбаз өліміне қатысты қылмыстық іс сотқа өтті
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Сарбаздың қаза болуына қатысты әскери бөлімнің лауазымды тұлғаларын тергеу аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары биыл 23 қаңтарда қаза тапқан сарбаз Қ.Оспановтың ісі бойынша Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімнің батальон және взвод командирлеріне қатысты тергеп-тексеруді жүргізді.

«Тергеу барысындалауазымды тұлғалардың жарғыдан тыс қарым-қатынасқа бірнеше рет жол бергені анықталды. Сонымен қатар, қаза болған әскери қызметші мен оның алты қызметтесіне психологиялық қысым көрсетілген.

Бұдан бөлек, взвод командирінің қару-жарақты сақтау тәртібіне тиісті бақылау жүргізбегені және қызметтік міндетін толық орындамағаны белгілі болды», делінген хабарламада.

Жиналған дәлелдер негізінде билікті асыра пайдалану және қызметке салғырт қарау фактілері бойынша бірнеше эпизодтан тұратын қылмыстық іс сотқа жолданды.

Оқиғаға байланысты әскери бөлім командирі мен оның екі орынбасары қызметтен босатылып, тағы 9 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, Павлодардағы әскери бөлімде атыс болып, бір әскери қызметші қаза тапты