Оралда ер адам мәңгілік алауға темекі тұқылын тастаған

Оралда ер адам мәңгілік алауға темекі тұқылын тастаған
Фото: БҚО Полиция департаменті

Полиция қызметкерлері «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенінде қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамды анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жеңіс алаңындағы «Мәңгілік алау» мемориалдық кешенінің аумағында ер адамның ескерткішке шығып, темекі шегіп, оның тұқылын тастағанын полиция бейнебақылау камерасы арқылы көрген. 
Құқыққа қайшы әрекеттер жасаған ер адам ұсталып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by policebqo (@policebqo)

Тәртіп сақшылары тазалықты сақтау, тарих пен мәдениет ескерткіштеріне ұқыпты қарау әрбір азаматтың міндеті екенін еске салды.

Еске салсақ, Ақтөбеде қорғаныс ведомствосының есепке алынбаған пәтерлерінде бөтен адамдар тұрып келген.