Ақтөбеде қорғаныс ведомствосының есепке алынбаған пәтерлерінде бөтен адамдар тұрып келген

Ақтөбеде қорғаныс ведомствосының есепке алынбаған пәтерлерінде бөтен адамдар тұрып келген
Фото: freepik.com

Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратурасы қорғаныс ведомствосының балансында есепке алынбаған төрт пәтерді анықтап, мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Аталған баспаналар 20 жылдан астам уақыт бойы тиісті түрде рәсімделген құқық белгілейтін құжаты болмаған, соның салдарынан оларды заңды негізсіз түрде бөгде тұлғалар пайдаланған.

Ақтөбе қаласы әкімдігінің талап арызы бойынша сот пәтерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады. Кейін пәтерлер Қорғаныс министрлігінің балансына берілді. Қайтарылған үйлердің бағасы 53 млн теңгеден асады.

Еске сала кетсек, таяуда «Астана Тазалық» мекемесі қызметкерлеріне коммуналдық пәтерлер берді.