«Астана Тазалық» мекемесі қызметкерлеріне коммуналдық пәтерлер берді

Бүгін, 17:41
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Астана Тазалық» мекемесі қызметкерлеріне коммуналдық пәтерлер берді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

«Астана Тазалық» компаниясы қызметкерлеріне арналған коммуналдық пәтерлердің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ол үшін бұрын әкімшілік-тұрмыстық кешен ретінде пайдаланылған ғимараттағы үй-жайлар дайындалды.

Өткен жылы «Астана Тазалық» компаниясы қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмысты бастаған.

Атап айтқанда, қызметкерлер кеңсе ғимараттарына көшіріліп, қызметтік пәтерлер беріле бастады. Сондай-ақ Сарыарқа ауданындағы база жұмысын жалғастырды. Бұл жұмыстар кәсіпорынның әлеуметтік блогын нығайтуға арналған кешенді бағдарламаның бір бөлігі болды.

«Астана Тазалық» алдағы уақытта да әлеуметтік блокты күшейтіп, өз қызметкерлерін қолдап, оларға өмір сүру мен еңбек етуге қолайлы жағдай жасауды жалғастырады», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін пәтер жалдағанда алаяқтарға алданбау үшін не істеу керектігін жазған болатынбыз.