Пәтер жалдағанда алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек

Бүгін, 21:08
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Пәтер жалдағанда алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек
Фото: freepik.com

Ішкі істер министрлігі пәтер жалдағанда алаяқтардан сақ болуды ескертеді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Тұрғын үйді жалға беру сылтауымен жасалатын интернет-алаяқтық фактілері жиі кездеседі. Әсіресе әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және хабарландыру сайттарында жарияланатын «бағасы арзан», «шұғыл жалға беріледі», «иесі қалада жоқ», «төлем жасап қоймасаңыз, басқа адам алып қояды» деген ұсыныстардан сақ болған жөн.

«Алаяқтар өздерін пәтер иесі немесе риелтор ретінде таныстырып, тұрғын үйді көрсетпей-ақ алдын ала төлем жасауды талап етеді. Төлем жасалғаннан кейін байланыс үзiледі, көрсетілген пәтер мүлде жоқ немесе бөтен адамға тиесілі болып шығады.

Мұндай жағдайға тап болмас үшін пәтерді көзбен көрмей және меншік құқығын растайтын құжаттарды тексермей ешқашан ақша аудармаңыз. Міндетті түрде жазбаша келісімшарт жасаңыз», - делінген ІІМ хабарламасында.

Бұған дейін 50 келіден астам есірткі сатқан төрт жамбылдық бас бостандығынан айырылғанын жаздық.