Оралда екі шетелдік азамат ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды
9 желтоқсан, 2024
Фото: Оңалхан Өнерхан
Ішкі істер министрлігі қоғамда «заң мен тәртіпті» қамтамасыз етуді жалғастыруда, деп хабарлады Elordainfo.kz.
«Орал қаласында интимдік қызмет көрсетумен және есірткі заттарын таратумен айналысқан 36 жастағы әйел ұсталды.
Сонымен қатар жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі шетелдік азамат ұйымдастырған есірткі зертханасы жойылды.
Жалға алынған үйді тінту барысында синтетикалық есірткі өндіруге арналған жабдық және сатуға дайын 9 килограмм мефедрон тәркіленді. 27 мыңнан астам бір реттік доза айналымға жіберілмеді.
Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:27
Жамбылда үнемделген қаражат есебінен 14 каналды бетондау жобасы іске асырылып жатыр
15 тамыз, 2026
Астана – Бейжің бағыты бойынша әуе рейстері көбейді
15 тамыз, 2026
Ақын Бекжан Әшірбаев 52 жасқа қараған шағында өмірден өтті
14 тамыз, 2026
ҚазАвтоЖол: республикалық жолдарда 1 114 санитарлық торап жұмыс істеп тұр