Өмірін кітаппен ұштастырған қызметкер ретінде Президентіміздің Жарлығын үлкен қуанышпен қабылдадым - Гүлбадан Мәдібаева

Бүгін, 11:48
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Өмірін кітаппен ұштастырған қызметкер ретінде Президентіміздің Жарлығын үлкен қуанышпен қабылдадым - Гүлбадан Мәдібаева
Фото: Гүлбадан Мәдібаеваның жеке архивінен

Астана қаласы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» басшысы Гүлбадан Мәдібаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қол қойған «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қолдау білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

«Өмірін кітаппен ұштастырған қызметкер ретінде Президентіміз Қ.Тоқаевтың бұл Жарлығын үлкен қуанышпен қабылдадым.

Әсіресе, жаңа форматтағы кітапханалар мен қоғамдық кеңістіктер құру, бірыңғай Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын іске қосу, балалар мен жастар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру бағытындағы Жарлығы біздің ойымызбен, алдағы жоспар, мақсатымызбен үндескендей,  көңілге ерекше үміт сыйлады. 

Кітапхана — ұлттың ойы мен рухы тәрбиеленетін орта болғандықтан, кітапқа деген құрметті арттыруға бағытталған мұндай қадамдардың маңызы зор деп есептеймін», - деп жазды ол.