Қолжетімді полимер шикізатын жеткізудің ашық әрі тұрақты шарттарын қамтамасыз ету қажет - Бектенов

Бүгін, 12:22
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қолжетімді полимер шикізатын жеткізудің ашық әрі тұрақты шарттарын қамтамасыз ету қажет - Бектенов
Фото: Үкімет

Үкіметте мұнай-газ химиясы – өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа бағыттарды дамытуға негіз болуға тиіс екені айтылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында елімізде мұнай-газ химиясы өнімдерін өңдеу деңгейі төмен екенін атап өтті. Аталған сала өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа бағыттарды дамытуға негіз болуға тиіс, — деді Премьер-министр Үкімет отырысында.

Олжас Бектенов:
-Энергетика және Өнеркәсіп министрліктеріне «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, кейін отандық компаниялардың өңдеуіне қажетті ішкі нарыққа қолжетімді полимер шикізатын жеткізудің ашық әрі тұрақты шарттарын қамтамасыз етуді;
-Өнеркәсіп министрлігіне полимер өнімдерін одан әрі өңдеуге арналған жобалардың нақты пулын ұсынуды тапсырды.

Еске салайық, бұдан бұрын Бектенов 1 сәуірге дейін жобалардың өзекті пулын қалыптастыруды тапсырғаны туралы жаздық.