Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ықпалдастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Тараптар қазақ-еуропа стратегиялық серіктестігінің даму қарқынына көңіл толатынын атап өтіп, Мемлекет басшысының маусым айында Брюссельге жасаған сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға айрықша назар аударды.