Ұлттық ұлан жауынгері самбодан әлем кубогінің жүлдегері атанды
1 қазан, 2024
Фото: polisia.kz
ҚР ІІМ Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгері қатардағы Еламан Қойшыбаев Армения астанасы Ереван қаласында өткен самбо жарысына қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Спорттық самбодан жеке есепте әлем кубогінің екінші күнінің қорытындысы бойынша 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ұландық жауынгер Еламан Қойшыбаев 3-орынға ие болып, әлем кубогінің жүлдегері атанды.
Айта кетейік, Еламан – халықаралық жарыстардың тұрақты қатысушысы және жүлдегері, сондай-ақ 2023 жылы Сербияда өткен әлем кубогінің жеңімпазы болған.
Ұқсас жаңалықтар
6 қыркүйек, 2026
Тоқаев Қазақстан құрамасын көшпенділер ойындарындағы табысты өнерімен құттықтады
6 қыркүйек, 2026
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінде жеңіске жетті
6 қыркүйек, 2026
Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында топ жарды
5 қыркүйек, 2026
«Сөз бен сана»: Астанада қаламгерлер тастаяқта бақ сынады