Конституция жобасындағы мемлекеттік рәміздердің құқықтық мәртебесі талқыланды
Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасына арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап..
Жиынға Ұлттық музейі, Жастар ғылыми-зерттеу орталығы, «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу институты, Мәдениеттерді жақындастыру орталығының өкілдері, сондай-ақ Л.Гумилев атындағы ЕҰУ докторанттары мен магистранттары қатысты.
Жиында конституциялық реформа, мемлекеттік рәміздердің құқықтық мәртебесі мен олардың виртуалды кеңістікте қорғалуы, сондай-ақ Ата заң жобасындағы негізгі жаңашылдықтар талқыланды. Сонымен қатар Конституцияның жаңа мәтінінде азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау жөніндегі норма алғаш рет енгізілгені атап өтілді.
Қатысушылар Конституцияның жаңа жобасын ғылыми тұрғыдан сараптау мен мамандардың пікірлерін жүйелеу елдің болашақ құқықтық негізін қалыптастыру үшін маңызды екенін сөз етті.
Еске салсақ, Астанада Конституцияның жаңа жобасындағы отбасы және неке нормалары талқыланды.