24.11.2025
RU
Мәзір

Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Кісі өлтіруге шақырған: ҰҚК деструктивті діни ағымдардың жақтастарын ұстады

|
Photo: ҰҚК
Colman Domingo and Jude Law at amfAR’s Venice Gala

Кісі өлтіруге шақырған: ҰҚК деструктивті діни ағымдардың жақтастарын ұстады

|
Photo: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті биыл қараша айында Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында әлеуметтік желіде терроризмді насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысын ұстады, деп хабарлады Elordainfo.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеудің болжамы бойынша, олар діни негізде шабуылдар мен кісі өлтіруге шақырулар таратқан, сонымен қатар зайырлы тәртіпке қарсы шыққан.

Тінту барысында олардан атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген діни әдебиеттер тәркіленген. Сот санкциясымен олар қамауға алынған.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар 3 қарашада осындай қылмысы үшін терроризмге шақыру материалдарын таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Жыл басынан бері ҰҚК органдарының материалдары бойынша террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы ↗